avangard-pressa.ru

Көлік – нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен - Экономика

Автомобиль көлігінің мәні.

Көлік – жолаушыларды және жүктерді тасымалдаудағы қоғамның керекті қажеттілігін қамтамасыз ететін өндірістің саласы.

1)Көліктің қоғам өміріндегі экономикалық мән-мағынасы: экономиканың барлық саласының жұмыстық координациясынан және байланыстан, дамудың қамтамасыз етуінен тұрады.

2) Көліктің мәдени мән-мағынасы: қоғамның білімін және мәдениетін жоғарылататын эстетикалық құндылықтарды таратудың мүмкіншілігінен тұрады. Көліктің өзі мәдениеттің элементі болып саналады:

- көліктің жеке немесе барлық түрлерінен мұражайлар салынып жатыр,

- көлік өндірісінің жетістіктер көрмесі өткізіліп жатыр, көліктегі жетістіктер мен идеялардың таратылуы бойынша қоғам құрылып жатыр.

3) Көліктің әлеуметтік мән-мағынасы еңбектің жеңілдетілуі мен оның өндірісінің жоғарылауынан , уақытты үнемдеуден тұрады. Көлік адамдардың бос уақыт өткізуін ұйымдастыруға, яғни олардың өнімдік және шығармашылық мүмкіншіліктерін қалпына келтіру үшін арналған уақытына қатысады.

4) Көліктің ғылыми мән-мағынасы бағаланбайды. Көлікті жетілдірудің қажеттігі ғылым алдына жаңа мақсаттар қояды,ал ғылымның дамуы көлікке шығындардың азаюы кезіндегі халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетуге көмектеседі.

5) Көлік еліміздің қорғаны үшін үлкен мәні бар,себебі соның көмегімен өндірістің,әскердің, халықтың орын ауысуы тез болуы мүмкін.

Автомобиль көлігінің ерекшеліктері мен кемшіліктері.

Автомобиль тасымалының әуе, су және темір жол сияқты көлік түрлеріне қарағандағы ерекшелігі: 1) оның тасымалдық қабылетінің ауқымдылығы; 2) жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы шапшаңдығы; 3) жақын аралыққа тасымалдаудағы құндылығының аздығы.

Автомобиль көлігі еліміздің өндірістік кешенінің жұмысын атқарудағы ерекшеліктері:

- Автомобильдердің маневрлілігінің арқасында жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне тиемей-ақ, жөнелтушінің қоймасынан тікелей қабылдап алушының қоймасына дейін тасымалдауға болады.

- Толық жетілдірілген жолдар жолаушыларды, жүктерді бағытталған пунктілерге жоғары жылдамдықтағы қозғалыспен жеткізуге мүмкіндік береді.

Авто көліктердің құрылыс жүктерін жұмыс орындарына тікелей жеткізудегі оның мүмкіндігі мен оңтайлылығы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін темір жол станцияларына және су қоймаларына тасымалдауы

Бір-бірлеп сату өнімдері мен тауарлары, қоғамдық тамақтану өнімдерін қосқанда, барлығы автомобиль көлігімен тасымалданады.

Автомобиль көлігінің жүк айналымының ең көп үлесі өндіріс пен тұрмыстық қажеттіліктерге арналған сан қилы отын түрлерін тасымалдауға тиеді.

Автомобиль көлігінің темір жол және су көлігіне қарағандағы техникалық-экономикалық көрсеткіштері анағұрлым төмен болу кемшілігі де бар. Оның басты кемшілігінің бірі: - автомобиль көлігінің темір жол және су көлігімен салыстырғандағы жылжымалы құрамының жүк көтергіштік бірлігінің аздығының айғағы болатын жұмыскерлердің еңбек өнімінің төменгі деңгейде болуы.

- Жоғары қуаттылы қозғалтқыштарға отынның көп шығындалуы (жылжымалы құрамның бірлігіне қарай) мен автомобиль отыны құнының жоғары болуынан автомобиль көлігі саласының шығыны өте зор.

- Автомобиль көлігі жылжымалы құрамының 1т жүк көтеруге берілетін құны су және темір жол көлігіне қарағанда, бірнеше рет жоғары.

Жыл сайын бүкіл әлемде автомобильдерден ауаға миллион тонна әр түрлі заттар бөлініп шығарылады, көп жағдайларда олар улы.

- Авариялық жағдайлардың нәтижесінде сан мыңдаған адамдардың өмірі қиылады, миллиондаған адамдар мүгедек болып қалады.

Көлік – нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен

Көлік – нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен. Көлік – мемлекеттің күшін мағыналы дәрежеде анықтайды, себебі ол жүктерді және жолаушыларды тасымалдағанда қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды кешен.

Акционерлеу мен приватизацияның арқасында еліміздің социалистік уақыттың өміріне сәйкес қоғамдық меншік барлық көлік түрлерін басқа меншік формаларына өзгертті. Ертеректе жеке көліктік министрлікте көлік түрлерін басқарудың сұрақтары белгіленді,қазіргі уақытта олар ҚР көлік және коммуникация Министрлігінде белгіленеді. Нарықтық шарттарда бірыңғай көлік жүйесіне келістігі сәл өзгерген.

Бүгiнгі күнде пайда болған бәсекелестiкте көлiк қызметтерiн және жеткiзу жылдамдығын жоғарылату ал оның құнын төмендету үшiн көлiктiң жағдайын жасайтын тасымалдаудың алдағы технологияларын дамыту, iздестiру, жаңа көлiктiң бiр түрін қарсы қою сияқты басқа да мәселелер қаралуы керек. Демек, құнның төмендеуі және түрлердің тасымалдау уақытының қысқартылуы көлiктiң нақтылы түрiнiң қолданылу аясы кеңiйтіледі, нарықта көлiк қызметтерінің маңыздылығы жоғарылайды. Көлiк қызметтерiнiң құны тасылатын жүктердiң құнымен білінеді. Жолаушылардың тасымалдауы әлеуметтiк маңызды болып табылады. Көлiкке шығындар анықталған жанұяның бюджетi процентінен аспауы керек. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде елдің жеке адамдарына көліктік шығындарға дотация қарастырылған.

Көліктік қызметтер нарығында нарықтық қатынастар әр көліктің кәсіпорындарының ізделінісін күшейтті. Еліміздің үлкен территориясына байланысты әр көлік түрінің: алыстығы,жылдамдығы, жолаушыларды тасымалдаудың жайлылығы , жүктердің түрі, жылдамдығы ,ара қашықтығы бойынша нақты белгіленген қолдану аймағы бар.